Екпеге байланысты сұрақтар бойынша «қызу желі» іске қосылмақ

27.12.2017 - 889 -

Қазақстан Республикасында жаңа жылдан бастап екпе сұрақтары бойынша көп каналды «қызу желі» халыққа қызмет ететін болады. Қызметтік топ өз жұмысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. 8 8000 700 830 нөміріне қалалық телефон нөмерінен немесе ұялы телефон нөмірінен ақысыз түрде таңғы сағат 8.00-ден, кешкі сағат 20.00-дің аралығында қоңырау шалып, екпеге байланысты сұрақтарға жауап алуға болады. Тұрғындардың сұрақтарына

Қайтыс болған адамдардың зейнетақысын ай сайын алып отырған ақтөбеліктер анықталды

27.12.2017 - 1170 -

Ақтөбеде қайтыс болған адамдарға ай сайын зейнетақы аударылып келген. Прокуратура 20-ға жуық деректі анықтап, арнайы мекемелер арасына байланыс орнатты, деп хабарлайды Mugalzhar.kz ақпараттық агенттігі Aktobenews.kz тілшісінің мәліметін негізге ала отырып. «Ішкі істер органдары жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалына тексеру жүргізеді. Сол кезде қайтыс болған адамдардың зейнетақысын ай сайын алып отырған адамдар анықталды.

Тілеуханұлы: порнографиялық сипаттағы ақпараттық өнімдерге тыйым салынады

27.12.2017 - 1075 -

Мәжіліс депутаттары балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасы бойынша қатігездік пен зорлық-зомбылыққа құрылған, балалардың өміріне қатер төндіретін іс-әрекетке, сондай-ақ суицидке итермелейтін, порнографиялық және арнайы сексуалдық эротикалық сипаттағы көріністерді қамтитын ақпараттық өнімдерге тыйым салу қарастырылып отыр. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты,

Санкт-Петербургте «көк» түсті қар жауды

27.12.2017 - 12550 -

Солтүстік Батыс Табиғатты қолдану саласын бақылау федералдық қызметі Санкт-Петербург қаласында не себепті «көк» қар жауғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды mugalzhar.kz, Baq.kz ақпарат агенттігінің ria.ru сайтына сілтеме жасаған мәліметіне сүйеніп. Сүрілген үйлердің маңына түскен қар белгісіз себептермен күлгін түске боялған. ФМБМ не себепті көк түсті қар жауғанын анықтап жатыр. Тексеру жұмыстары жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін жүргізіле бастады.

Мұғалжарда алтын фабрикасы салынады

24.12.2017 - 11479 -

Мұғалжарда өндіріліп жатқан алтынның шикізат өнімі енді Ресейде емес, өзімізде өңделетін болады. Осыған байланысты, биылғы жылы ауданға қарасты Алтынды ауылында алтын фабрикасының құрылысы басталып кетті.  Бұл туралы Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов жұма күні ауданның кәсіпкерлері бас қосқан І бизнес фестивалінде айтып кетті.  Қазақстанда алтын шығаратын 9 кен орны болса, соның бірі Мұғалжар ауданына қарасты

Әкім: Ақтөбе облысында 2163 адам деструктивті діни ағымда жүр

22.12.2017 - 1119 -

21 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әкімдігінде терроризммен күрес комиссиясы мен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кезектен тыс жиыны өтті. Жиында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыста деструктивті діни ағымды ұстанатын 2163 адам бар екенін айтты. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің жеткізген ақпарына сілтема жасап, Mugalzhar.kz хабарлайды. — Деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен жұмыс

Facebook әлеуметтік желісі күмәнді жаңалықтарды белгілеуден бас тартты

22.12.2017 - 975 -

Facebook әлеуметтік желісі күмәнді жаңалықтарға ерекше белгі қоюды доғаратын болады. Себебі сондай белгіге бола жұрт жалған (фейк) жаңалықтармен көбірек бөлісе бастаған, деп жазады Mugalzhar.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz -тің Азаттыққа сілтеме жасаған мәліметіне сүйене отырып.  Бұл туралы Facebook компаниясының блогында айтылған. Компания әлеуметтік желіге жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша адамдар қызыл түспен арнайы белгі қойылған жаңалықтарды маңызды хабар

Əкесі өртеген екі баланың бірі, 18 жастағы қыз тірі – полиция

21.12.2017 - 753 -

20 желтоқсан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада шыққан өрттен зардап шеккен қыздың тірі екені анықталды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігінің Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған мәліметіне сүйеніп Mugalzhar.kz хабарлайды. Агенттік тілшісіне берген сұхбатында Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Өтеген батыр ауылында 44 жастағы

Қазақтың Төлегені дүниеден озды

17.12.2017 - 1226 -

«Қыз Жібек» фильмінде Төлеген рөлін сомдап, көпшіліктің жүрегіне жол тапқан, қазақ өнерінде өзіндік орны бар актер Құман Тастанбеков 72 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Белгілі режиссер Асхат Маемиров Instagram желісіндегі жеке парақшасында қайғылы хабарды жариялады. «Беу, дүние-ай… «Қазақтың Төлегені» – Құман Тастанбеков ағамыз бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес

Қандыағашта жатақхана ашылды

15.12.2017 - 838 -

Кеше Қандығаштағы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің жанынан студенттерге арналған жатақхана ашылды. Жатақхананың ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов қатысты. Оқу ғимаратының ішінен ыңғайластырылған 40 орындық жатақхананы ашуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Үстіміздегі жылдың тамыз айында қолға алынған жатақханадағы барлық бөлмелер жиһаздармен толық жабдықталған. Енді қаладағы арнаулы орта білім беретін