Әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты
Алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты Жұмағали Зинелов істің жай-жапсарын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді. «Халық білуі үшін оқиғаның мән-жайынан бастайын. Бұл 2013 жылы болған іс. Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойындағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде түрік компаниясы