«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде әйелінің бұрынғы қайын атасын өлтірген ер адам 18 жылға қамалды

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмысқа қатысы бар ерлі-зайыптыларға үкімі шықты. Әйелінің бұрыңғы қайын атасын ұрып өлтіріп, ақшасын ұрлап кеткен Евгений Федоров 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, оқиғаға қатысы бар деп жауапқа тартылған әйелі рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сотта белгілі болғандай, Людмила есімді әйел 1 мамыр күні күйеуін ертіп, бұрынғы қайын атасының үйіне келеді. Әйелдің бұрынғы күйеуі есірткі саудасына қатысты жауапқа тартылған. Күйеуі абақтыға қамалғаннан кейін Людмила басқа адаммен тұра бастайды. Ол жолдасын қайын атасының үйіне ертіп әкелген.

Екі бірдей баласы сотталып кеткен 65 жастағы ер адам жалғыз тұрған. Олар зейнеткерден ақша сұрап келген. Әйел сыртта қалып, ер адам ішке кірген.

Сотталушы «ақшаны балаңа апарамын» деп алдайды. Қария оған сенбей, ақшаны бермей тастаған. Үйде ақшаның бар екенін білген ер адам зейнеткердің бірнеше жерінен ұрып, ақшасын қолды қылған. Ол ақшаны алып шыққанда сыртта күтіп тұрған әйеліне зейнеткерді өлтіргені туралы ештеңе айтпайды. Ол зейнеткердің жинап жүрген 55мың теңге ақшасын алып кеткен.

Жарақатынан көз жұмған ер адамның денесін иістеніп кеткеннен кейін ғана тапқан.

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАТ БОЛҒАН ҚАНТТЫҢ ЖЫРЫ

admin_mugalzhar

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — ЖЕМІСТІ ЖОБА

admin_mugalzhar

Оқушыны зорлаған ақтөбеліктің ісі сотқа түсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.