«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім мазмұнын жаңарту уақыт талабы

Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес семинар-кеңесі өтті. Білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері және облыстағы алдыңғы қатарлы мектептер мен балабақшалардың мамандары келіп өткізген семинарға аудандағы жалпы білім беру мекемелерінің басшылары және мұғалімдері қатысты.

Аудандық білім бөлімінің сұранысы бойынша аудандағы мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсетуге келген жұмыс тобы қатысушыларды екі топқа бөліп, жалпы ішкі бақылауды күшейту мақсатында әдістемелік көмектер көрсетті. Ақтөбедегі «Нұрсәт», «Нұрай» балабақшаларының тәрбиешілері мен Жаңақоныс елді мекеніндегі Жаңа мектебінің және қалалық №21 мектеп гимназиясының мұғалімдері жаңа оқу жүйесіне қатысты қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлованың айтуынша, қазіргі таңда бақылау департаменті Білім және Ғылым минситрілігінің тапсырмасына сәйкес, оқу жүйесін тексеріп қана қоймай, қажетті әдістемелік көмектер көрсетуге кірісіп отыр.

-Биылғы оқу жылынан бастап 1,2,5,7 кластың оқушылары жаңартылған білім мазмұнына көшті. Ал қалған класс бес күндік оқу жүйесіне көшкенімен бұрынғы оқу бағдарламамен және оқулықпен оқытылуда. Алайда 2020 жылға дейін барлық класс сатысымен жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Ол үшін оқушыларды, мұғалімдерді дайындау қажет. Осы мәселеге байланысты облыстық білім саласындағы бақылау департаменті әдістемелік көмектер көрсетуді қолға алды. Ал Мұғалжар ауданы кадр дайындығына басты назар аударып, облыста алғаш болып сұраныс білдірді. Бұдан кейін Ырғыз ауданы кезек күтіп тұр, — деді департамент басшысы.

Семинарға қатысушылар жаңартылған білім мазмұнына қатысты жаңа мұғлұматтар алды. Енді ұстаздар қауымы іс жүзінде пайдаланбақ.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Жанар ИБРАЕВА, әскери қызметкер: ЕЛБАСЫМЕН ЕКІ РЕТ КЕЗДЕСТІМ

admin_mugalzhar

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

admin_mugalzhar

ДИҚАНДАР АСТЫҚЖИНАУДЫ АЯҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.