«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұстаздық – ұлы құрмет

Бүгін ұстаздар мерекесіне орай, ауданда «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» атты ауқымды мерекелік шара өтіп, мерейлі мереке иелерінің басы қосылды. Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов аудандағы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың бірқатарын марапаттады.

-«Алты алаштың баласы бас қосса, төр қашанда ұстаздікі» дейді. Омар Хайямның керемет сөзі бар «Далада тал өссе, гүл өссе, ол әрдайым ұстаздың еңбегі» деген. Сондықтан білім саласында тер төгіп еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы үшін бүгін ерекше күн. Ал біз қашанда ұстаздарға құрметпен қараймыз. Көптеген даму, көркейу, өркендеу осы мұғалімдердің еңбегі екендігін ашық айту керек. Жалпы біреудің баласын тәрбиелеп, одан абырой алу оңай іс емес. Ұстаздық ету — үлкен қажыр-қайраттылықты, табандылық пен төзімділікті талап етеді. Сол себепті, ұстаздарға алғысым шексіз. Биылғы жылы Сіздердің төл мерекелеріңіз айтулы сәтпен тұспа-тұс келіп отыр. Ол Мұғалжар ауданының 20 жылдығы мен Қандыағаш қаласының 50 жылдығы. Қазіргі уақытта қос қуанышымызға байланысты ауданда көптеген істер қолға алынып, тыңдырылып жатыр. Соның аясында ауқымды іс-шараларымыз да өтуде. Бұл жерде де ұстаздардың қосып жатқан үлестері қомақты, — деді аудан әкімі Ербол Жеткергенұлы.

Шәкіріттерін білім нәрімен сусындатып, онымен қатар, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, одан бөлек қашанда қоғамдық жұмыстарға жұмылып жүретін ұстаздарға аудан әкімінің, Білім және Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталары» табысталды. Олардың арасында бірқатарына «Ұлағатты ұстаз» төс белгілері табыс етілді. Сонымен қатар, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, зейнеткерлікке шығып, бүгінде ардагер ұстаз атанып отырғандардың да кеуделеріне «Ардагер ұстаз» төс белгілері тағылды.

Мерекелік кештің бағдарламасына сәйкес, ұстаздарға мейлінше сый-құрмет көрсетіліп, ауданның көркемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР, ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР

admin_mugalzhar

Мемқызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды

admin_mugalzhar

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.