Қауіпсіз келешек

4287 0

Ауданда халықтың қауіпсіздігін қаматамасыз ету жобасы бойынша әлі де жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен аптада аталған жобаның аясында қолға алынған 8 бағыттың 3-ші бағыты әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жұмыс  тобы Ащысай, Құмсай, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округтерде болып, жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмектер мен кеңестер беру қызметтерін көрсетті. Ал осы аптаның басында жобаның төртінші бағыты – ақпараттандыру жұмыстары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобы келді. Олар Ембі қаласы, Еңбек, Қ.Жұбанов, Жұрын ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, Батпақкөл ауылдық округіндегі «Арал Петролиум», «Қазақ Ойл Ақтөбе», Қайыңды ауылдық округіндегі «AltynEX» компанияларының жұмысшыларымен кездесіп, осы бағытта жұмыстар жүргізді.

Әлуеметтің әлеуметі басты назарда

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Мирболат Раймқұлов бастап келген жұмыс тобымен жергілікті мамандардан құрылған жұмыс топтары ауыл тұрғындарымен кездесіп, үй-үйлерді аралап олардың жай-күйлерімен танысты. Олардың айтар өтініштерімен ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.

Мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасын және зейнетақымен қамсыздандыру, көші-қон, еңбек құқықтары бойынша өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамаларды түсіндірді. «Жақыныңа көмектес» акциясы өткізіліп, аталған акцияның аясында Қаракөл ауылында 8 аз қамтылған және 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік пакеттері таратылды. Сондай-ақ, бұл күндері ауданда жылжымалы медициналық көмектер көрсетілді. Оның ішінде облыс орталығынан келген тіс дәрігерлері балаларға тегін ем көрсетті. Ал аудандық орталық ауруханасында 3 адамға тегін ота жасалды.

Темірқазығымыз – рухани жаңғыру

Қазір жаһандық көштің екпіні кірпік қақтырып үлгертпейді. Бәрі жедел даму үстінде. Ал сол жаһандық бәсекеге қабілетіліктің қарқынын үдеткен Қазақстан көштен әсте қалып қоймақ емес. Сондықтан, Елбасы Н. Назарбаев биыл елдің үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басқандығын, өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында тайға таңба басқандай айтып кетті. Әрине, жаһандық жаңашылдықтарға қарай ұмтылмастан, бейқам күйде отыра беруге болар еді. Алайда, бәсекеге қабілетсіздігіміз араны ашылған алпауыт мемлекеттердің құлқынында кетіп қалуымызға себеп болуы мүмкін. Алға қарай ұмтылып, Қазақстанды әлемге әйгілі етуге тырбынып жатқандығымыз да сондықтан. Кешегі Елордамыздың төрінде өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі де осының бір айғағы. Әйтседе, рухани болмысымызды сақтап қалу бәрінен де маңызды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерекше мән артқан ұлттық кодтың төңірегінде осы бір астарлы дүние жатыр.  Әрине, әлемдік дамыған 30 елмен тереземізді тең қылу үшін жаңашылдыққа бет бұрып, кейіннен қалған кейбір сарқыншақ дүниелерден тазарып, ұлттық болмысымызға сәйкес келетін жаңалықтарды енгізу бүгінгі күннің уақыт күттірмейтін талабы. Елі сенген Елбасы бастаған ел бүгінде осындай батыл қадамға барып отыр. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының IV бағыты бойынша ақпараттық жұмыс Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Ару Данабекова бастап келген жұмыс тобының өкілдері аудан тұрғындарымен кездесу сәтінде осы бір өзекті мәселелерді баяндады. Елбасының астары терең, мағынасында келешектің тағдыры жатқан мақаласын жіктеп түсіндірді.

Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Жерлестермен жүздесу

29.09.2017 0
«Ақтөбе – құтты мекен» халықаралық форумы аясында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дүсіпов пен Дүниежүзілік Қазақстан Қауымдастығы…

В районе новый зам

31.01.2018 0
На должность заместителя акима района по социальным вопросам назначен Галым Кобландин. Местному активу его представил аким района Ербол Данагулов. Галым Кобландин…

«Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады

08.02.2018 0
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес,  «Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады. Байқаудың талабы бойынша, байқауға қатысатын келіндер редакцияға…

Шаруалардың мерейлі мерекесі

02.12.2017 0
Бейсенбі күні Мұғалжар ауданының шаруалары ауылшаруашылық қызметкерлері күнінде бас қосты. Оларды төл мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дастан Сағыров құттықтап, бірқатар…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *