Барлық қарекет – қылмыстың алдын алу үшін

1312 0

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында ішімдіктің салдарынан орын алатын қылмыстың көрсеткіші бәсеңдемей тұр. Мезгілсіз уақытта алкоголді сусындарды азық-түлік дүкендерінде сатуға заңмен тыйым салынса да, тыйылмай отырғандар бар әлі. Жуырда бұл мәселе аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Ұрлыққа тосқауыл» атты тақырыпта өткен жиында қозғалды. Оған аудандағы саудасаттық саласында жүрген барлық кәсіпкерлер қатыстырылды.

Қазіргі уақытта кәсіп қылам дейтін жанға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер мол. Бұл жайында бұған дейін талай мәрте, айтып та, жазып та келеміз. Әйтсе де, мүмкіндік бере отырып мемлекет кейбір олқылыққа байланысты шектеуде қоя алады. Мұның барлығы орын алатын келеңсіздіктердің алдын алу. Мәселен, соңғы уақытта азық-түлік дүкендерінде өзгенің мүлкін ұрлау фактілері жиілеп кетті. Әсіресе, терминал жәшіктеріне қол сұғушылар көбейді. Осы түйіткілге байланысты Мұғалжар аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сәкен Бертілеуов жеке кәсіпкерлерге сауда нысандарына темір есіктер, бейнекамералар және сигнализация қондыру қажеттілігін түсіндірді.

Қылмыстың қай түрі болмасын көбіне-көп «тентек судан» татқандардың қолымен жасалады. Сондықтан, құқық қорғау органдарының өкілдері орын алатын қылмыстық оқиғалардың көрсеткіштерін алға тартып, жергілікті кәсіпкерлерге мезгілсіз уақыттарда ішімдік сусындарын сатпауға қатаң ескертті. Заң талабына сәйкес, дүкендердің барлығына 21.00-ден  12.00-ге дейін арақ, 23.00-ден 08.00-ге дейін сыра секілді спирттік ішімдіктер сатуға заңмен тыйым салынған. Сонымен қатар, бағаларында арзандатуға шектеу қойылған. Алайда, бұған құлақ асып жатқандар некен-саяқ. Сол себепті құқық қорғау саласының өкілдері заң талабына бағынбаған жеке кәсіпкер субъектілеріне қолданылатын шараның жүгі ауыр емес екендігін ескертті. Егер прокуратура өкілдері рейдке шығып, тексеріс жүргізіп заң бұзушылық фактілерін анықтаған жағдайда, дүкен иелерімен қатар, учаскелік полиция инспекторларына да заң шеңберінде шара қолданылады. Мұны да құқық қорғау саласының өкілдері кәсіпкерлердің жадына салды.

Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Осторожно, кражи

04.10.2018 0
Кражи — самый распространенный и трудно раскрываемый вид преступлений. С каждым годом полицейские района совершенствуют методы своей работы, таким образом…

Жол көлік оқиғасы көбейіп кетті

29.08.2018 0
Биылғы жылдың соңғы жеті айындағы көрсеткіш бойынша ауданда жол көлік оқиғасы былтырғымен салыстырғанда артып отыр. Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *