«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеу­­шілік әрбір қазақстандықтың аза­­маттық ұстанымына айналуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің жаңа моде­лін енгізу шеңберінде елімізде мем­­лекеттік органдарда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жар­­лығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайту, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қыз­метте өза­­­ра қатынастар мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұ­­зуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақтауына ықпал ету жұмыстары әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.

Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қа­дағалайтын және мемлекеттiк қыз­мет, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Рес­публикасы мем­ле­кет­тiк қыз­метшiлерiнiң Әдеп кодексi та­лаптары бұзылуының алдын алу­ды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функ­циялары шегiн­де мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мем­лекеттiк қызметшi. Об­лы­­сымыз­да осы бағытта қызмет атқа­­ратын  Ризагуль Омарова Мырзағалиқызына,  ауданымыз бойынша Мұғалжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Талғат Орналыұлы Өтемұратовқа жүктелген.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзы­ре­­ті шегінде мемлекеттік қыз­мет­­­шілердің құқықтары мен заң­­­ды мүдделері бұзылған жағ­дай­­ларда, оларды қорғауға және қал­­пына келтіруге бағытталған ша­раларды қабылдайды, мем­ле­­кет­тік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларын сақтауын мони­то­­рингтеуді және бақылауды жүзеге асы­рады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Сонымен қатар мемлекеттік орган­ның оң имиджін және ұжымда жа­ғымды ахуал қалыптастыруға елеу­лі үлес қосқан қызметшілерді көтер­мелеу туралы ұсыным біл­діреді. Осылайша, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлықты ұлт­­тық құндылыққа жат құбылыс ре­­тінде сезіну, қабылдамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетін қалыптастырудағы өз үлесін қосады.

Г. Жаимова,

Мұғалжар аудандық персоналды басқару бөлімшесінің басшысы.

Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі Уәкілі — Ризагуль Мырзағалиқызы Омарова

Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің сенім телефоны:

728327

Қабылдау күндері: аптаның бейсенбі күні сағат 14:00 ден 18: 00 дейін

Жұмыс телефоны — 932072

Жұмыс кабинеті — 317

Мұғалжар ауданының  Әдеп жөніндегі Уәкілі – Талғат Орналыұлы Өтемұратов

 

«Мұғалжар ауданы әкімі аппараты» ММ сенім телефоны 871 333 35515

 

Қабылдау күндері: аптаның сәрсенбі күні сағат 14:00 ден 17: 00 дейін

 

Жұмыс телефоны – 871333 34808

Жұмыс кабинеті — 306

Ұқсас ақпараттар

Сайрамдық тұрғын үйінің шатырын музейге айналдырды

admin_mugalzhar

«10 немесе 200 мың теңгемен». Ел ішіндегі саяхатқа 10 кеңес

admin_mugalzhar

ТӘРБИЯ ӘЖЕНІҢ ТӘРБИЕЛІ КЕЛІНДЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.