Борышкер мұғалжарлықтардан 2 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді

2240 0

Ауданда бір айға созылған «Борышкер» жедел алдын алу шарасы аяқталуға таяп қалды. Аталмыш акция барысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерден 1 млн 755 427 теңге өндірілді.

«Борышкер» профилактикалық іс-шарасының мақсаты — әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылардың орындалу тиімділігін арттыру арқылы борышкер азаматтардан қарыздарды өндіріп алу. Жалпы аудан бойынша биылғы жылы 21 млн 387 666 теңге көлемінде айыппұл салынған. Акциядан тыс айыппұлдардың осы уақытқа дейін 14 млн 675 312 теңгесі төленді. Бүгінде «Борышкер» акциясын жүзеге асыру мақсатында Ембі, Қандыағаш қалаларында екі топтан және Жаңажол ауылында бір топ жұмыс істеуде. Жедел алдын алу шарасына жеке сот орындаушылар, аудандық ішкі істер бөлімінің жол патрульдік полициясы және аудандық прокуратура өкілдері жұмылдырылды.

Жұмыс топтары жүргізген іс-шараның нәтижесінде қазіргі күні айыппұлдың 1 млн 755 427 теңгесі өндіріліп алынды. Сонымен қатар, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қамалынып, 204 адамның мекен-жайына ескертпе хабарламалар жолданды.

Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзған әрбір азамат өзінің бережағын ұялы телефондағы «Play market» пен Qamqor базасын жүктеп алу арқылы тексере алады. Ал төлеген жағдайда міндетті түрде банктерден алған түбіртектерін аудандық ішкі істер бөліміне тапсыру қажет. Әйтпесе, олар борышкерлердің қатарынан алынбайды.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Оқи отырыңыз

Ембіде ірі сауда орталығы ашылды

30.11.2017 0
Кеше  аудан әкімі Ербол Данағұлов Ембі қаласына барған іссапары барысында қаладағы ең ірі «АдСаНа» сауда орталығының ашылу салтанатына қатысты. 90-шы…

БІЗ ДАЙЫНБЫЗ!

12.10.2017 0
Бүгін Мұғалжар ауданында «Жер-2017» республикалық командалық штабтық оқу жаттығыу өтті. Жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын күш құрылымдары мен техникалардың…

Еңбектің берекелі жемісі

06.10.2017 0
Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында, Ақтөбе облысындағы жалпы білім беретін мектеп басшылары арасында өткен кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша Мұғалжар ауданындағы…

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

07.11.2017 0
…Тақырыпты осылайша айқалатып қоймасқа болмады. Өйткені, республикалық маңызы болса да жетімнің күйін кешіп жатқан күре жолмен Қандыағаш-Ақтөбе бағытына қатынап нәпақа…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *