«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің тірегі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы — мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз. Тіл ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау, біздің ұлттық тіліміз — бұл барлық халықтың құндылығы.

Мұғалжар аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралуда. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуі мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда орыс тiлiнде немесе басқа тiлдер де  мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. «Мемлекеттік тіл — бұл мемлекеттік басқару тілі, заңнама, іс жүргізу, сот ісін жүргізу, мемлекеттін барлық аумақтарында, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың саласындағы қолданылатыны және де мемлекеттік тілді көтеру мақсатында, іс жүргізу құжаттары қазақ тілінде жүргізілуі керек деп ойлаймын.

Б.Баимбетов,

Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставы.

Ұқсас ақпараттар

Бір тәуліктегі 24 сағат туралы не білесіз?

admin_mugalzhar

18 жастағы жігіт дүние жүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты

admin_mugalzhar

Блогер көшеде кезіккендердің несиесін жауып берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.