«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елемізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Біз, сол ата-балалардың ұрпақтары осы күннің елімізге деген маңыздылығын есте сақтап, мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз және бұл біздің азаматтық парызымыз екендігін ұмытпауымыз керек.

Еуразия жүрегінде, өркениеті ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

Қазіргі таңда тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулық күні.

Бүгін біздің тәуелсіз мемлекетімізге 28 жыл толып отыр.

28 жылда бірқатар жұмыстар атқарылды және оның нәтижесін қазіргі таңда өз көзімізбен көріп отырмыз.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз жетістіктерге жетіп, дамып келеді және қазіргі таңда дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған  Конституцияның 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде отанымызға деген патриоттық сезімді және еліміздің дамуына өзіміздің үлесімізді қосайық. 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!

Көк байрағымыз желбіреп, еліміз гүлденіп, көркейе берсін! 

                                                                     А. Байтұрсынов,

                Мұғалжар  аудандық  прокуратурасының

                                                                     прокуроры міндетін атқарушы

Ұқсас ақпараттар

Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2022 жылдан бастап балалар игілігінің индексі енгізіледі

admin_mugalzhar

ҒАШЫҚТАР КҮНІН ƏЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.