«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жамбыл облысында шенеунік әкім лауазымын сатып алмақ болған

Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, басшы болудан дәмелі шенеуніктің телефон арқылы айтқан сөздері ұлттық бюроның қолына тиген.

«Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын», — дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов.

Шенеуніктің әкімнің орнын сұрағаны кездейсоқ анықталған. Яғни, басқа бір іс бойынша күдік туғызған Сүлейменовті ұлттық бюро өкілдері бақылауға алыпты. Оның телефонын тыңдау барысында орынтақ саудасы жөніндегі әңгіме әшкере болған. Ал оған қызмет әперуге уәде еткен өңірге танымал кәсіпкер болып шыққан. Оның тағдыры әзірге белгісіз.

Белгілісі, әдеп кеңесі Сүлейменовті қызметінен төмендету жөнінде ұсыныс берді. Дегенмен соңғы шешімді Меркі ауданы әкімінің өзі қабылдайды.

Мейірхан Өмірбековтің өзін қызметтен ығыстырғысы келген орынбасарына қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

«Рустамбеков, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай» дейді. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмай ма, үстеме сұрамайма, азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Шөленбаев Бақытқан деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне», — дейді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Қайрат Дүнбаев.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Диетолог 45 жастан асқандарға қауіпті тағам түрлерін атады

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМҒА ЕРЕКШЕ АТСАЛЫСУДА

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.