«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта «Ұлы дала елі: Алтын Орданың мәдени мұрасы» конференциясы өтті

Аталмыш тақырыпта Қандыағаш қалалық №4 ЖББО мектебінде аудандық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Е. Бұқарбаев және аудан мектептерінің мұғалімдері, зейнеткер ұстаздар қатысты.

Тарихы терең тартатқан Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын өз дәрежесінде атап өтуге арналған аталмыш семинарды Ерік Асқарұлы ашып берді. Мектеп директоры Г. Мусина Алтын Орданының тарихы мен көне қолжазбалары туралы, ауыз әдебиеті турасында кеңінен тоқталып, баяндама оқыды.
Тарих пәнінің мұғалімдері Ф. Кәдірқұлова «Алтын Орда мемлекеті: тарих пен тағылымы», С. Карибек «Түркі өркениетіндегі ұлы тұлға – Жошы хан» тақырыбында баяндама жасап, Шыңғыс хан құрған Алтын Орда тарихын тарқатып айтты. Панорамалық сабақ өткізген тарих пәнінің мұғалімі Г. Кариева «Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан» атты баяндамасында моңғол шапқыншылығына кеңінен тоқталып, тарихи деректер келтіріп, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тарихына тоқталды. Сонымен қатар, оқушыларды оқытуға арналған түрлі әдістемелер ұсынып, олардың тиімді тұстарын көрсетті. Оқушылардың тарих пәні қызығушылықтарын арттыру мақсатында бейнеролик, ширату, кім тапқыр, кері байланыс секілді әдістемелерді ұсынды.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары «Ақсақ құлан — Жошы хан» туралы сахналық қойылым қойып, Доспанбет пен Қазтуған жыраулардың жырларынан үзінділер оқыды.

Ислам Бақтыбай

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаған притон табылды

admin_mugalzhar

ПОЖАР ЛЕГЧЕ ПРЕДУПРЕДИТЬ, ЧЕМ ПОТУШИТЬ

admin_mugalzhar

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.