«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Атырау облысында Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні мұз астында адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел адамның денесін алып шықты.

Өзен жағасында бос көлік тұрған. Құтқарушыларда «жүргізуші де суға кетті ме» деген күдік пайда болады. Олар сол маңды қарау барысында өзеннен ер адамның мәйіті тапты.

Полиция департаменті толық ақпаратты сот-медициналық тексеріс жүргізгеннен кейін мәлімдейтінін айтты.

Айта кетсек, Атырауда қазір күн жылы, бірнеше күннен бері жаңбыр жауып тұр. Жайық өзенінде мұз еріп кеткен.

Авторы А.Соколов

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙҒА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Қазақстан негізінен Қытай, Ресей және Италия елдеріне тауар экспорттайды

admin_mugalzhar

Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.