«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтардың орташа айлығы 200 мың теңгеден асты — зерттеу

Finprom Қазақстан азаматтарының айлық табысына қатысты жасалған талдау қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Finprom жүргізген талдауға сенсек, қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өткен жылдың соңғы тоқсанында алғаш рет 200 мың теңгеден асып, сатып алу қабілеті шамамен 10 пайызға көтерілген. Десе де ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүргендердің айлығы әлі де төменгі қалыпта сақталып отыр.

«2019 жылдың соңғы тоқсанында қазақстандықтардың айлығы 203,9 мың теңгені құрап, оның алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 15,8 пайыздық өсімді көрсетті. Инфляцияны ескере отырып, айлық төлемнің сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 9,9 пайызды құрады. Айлықтың ең жоғары мөлшерін мұнайлы екі облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары алады. Қалған өңірлердегі көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен», — делінген хабарламада.

Finprom мәліметіне сай, орташа айлық Атырау облысында 345,2 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,5 пайызға (1,6 пайыздық инфляцияны ескере отырып) өскен. Екінші орында 309,1 мың теңге жалақымен Маңғыстау облысы (өсім 10,9 пайыз) тұр.

«Нұр-Сұлтанда айлық 308,1 мың теңгемен бірден 15,1 пайыздық өсімге жетті. Елордада сатып алу қабілеті 8,9 пайызға көтерілді. Ал Алматыда айлық деңгейі 248,7 мың теңгемен 12,4 пайызға көтерілді (6,9 пайыздық инфляцияны есепке алғанда)», — делінген сайтта.

Сонымен қатар, еңбекақының орташа деңгейінің көтерілуі БҚО (18,5%), Шымкент (17,3%) және Алматы облысында (16,4%) байқалған. Ал бәрінен аз айлықты аграрлық өңірлер қатарындағы Түркістан (138,1 мың теңге) және Жамбыл облысының (140 мың теңге) тұрғындары алады.

Елдегі ең үлкен айлық алып отырған мамандық иелері – қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері (402,5 мың теңге). Сондай-ақ ең көп табыс табатын саланың үштігіне ғылыми-техникалық сала (373,4 мың теңге), өндіріс секторы (280 мың теңге) кіреді.

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП АТАУЫ ЖАҢАРДЫ

admin_mugalzhar

Алматыда бизнесмен 50 отбасына газды тегін қосып беруге уәде етті

admin_mugalzhar

МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҚЫЛАУҒА ШЫҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.