«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СІМ: Коронавирус табылған кемедегі төрт қазақстандық жақын арада елге оралады

Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесіндегі төрт қазақстандық 19 ақпанда карантиннен шығады, қосымша тестен аман-есен өтсе, жақын арада Қазақстанға оралады деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сәрсенбі күні .

«Біздің азаматтардан вирус табылған жоқ, кемедегі сынақ соны дәлелдеді. Қазір 14 күнге созылған карантин мерзімі аяқталды. Бүгіннен бастап оларды лайнерден шығара бастайды. Жерде қосымша тестен өтеді» деді журналистерге Тілеуберді. Егер коронавирус табылмаса, жақын арада Қазақстанға оралады.

Министрдің айтуынша, төрт азамат Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей рейс арқылы елге жетеді. Бірақ олар жол шығынын өздері өтейді.

18 ақпанда сыртқы істер министрлігі кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел бар деп мәлімдеген еді.

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess лайнерінде 5 ақпанда бір адамнан коронавирус табылып, карантинге жабылған. Кеме ішінде 50 елден 3700 адам болған. 18 ақпандағы дерек бойынша, круизде 540 адам коронавирус жұқтырған.

19 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 74 мыңнан, қаза болғандар 2000-нан асқан. Қытай билігінің дерегінше 12 мың адам коронавирустен айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

ГҮЛНАР ЖАНАБЕРГЕНОВА – «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ»

admin_mugalzhar

Жем мен Сағыз арналары суға толды

admin_mugalzhar

Жапония аспанында метеорид жарылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.