«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлем рекордын орнатты

Қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында әлем рекордын орнатты. Құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қызылордалық ауыр атлетика мектебінің 16 жастағы түлегі 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 356 (158+198) келі зілтемірді еңсерді. Осылайша, Рахат Бекболат екінші орын алған қарсыласынан 14 келіге көп көтерді. Бұл көрсеткішпен ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанып отыр. Сондай-ақ ауыратлет жасөспірімдер арасында серпе көтеруде әлем рекордын орнатты.

Рахат Бекболат 31 жастағы Илья Ильиннің соңғы нәтижесінен озып кетті. Әлемнің төрт дүркін чемпионы Ташкенттегі сайыста топ жарған еді. 102 келіге дейінгі салмақта ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 (160+195) келі көтерген.

Рахат Бекболаттың сайысқа түсуімен қазақстандық команда үшін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты тәмамдалды. Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның тоғызы — алтын жүлде.

Ұқсас ақпараттар

Аймағамбетов қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретінін айтты

admin_mugalzhar

Жаңаөзенде балалар ауруханасында қызметкерлер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДЫҚТАР ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.