«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде тағы бір қаржылық пирамида тергеуге алынды

Ақтөбеде «Гарант 24 ломбард» қаржылық ұйымы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбеде бұған дейін екі қаржылық ұйымның салымшылары сан соғып қалған болатын. Бүгін тағы бір ұйым — «Гарант 24 ломбард» ЖШС-ға қатысты шу шықты.

Ақтөбеліктер ЖШС кеңсесіне барып, ақшаларын қайтара алмай, дал болды.

«Келісімшарт қолымызда. Бас кеңсе Нұр-Сұлтан қаласында деп жазылған. Ақшаны алып, пайыздық үстемеақымен қайтарып беруге уәде етті. Кеше адамдар кесте бойынша салған ақшасының бір бөлігін алуы тиіс еді, бермеген. Бірақ сол кезде де адамдардың өз қаржысын салғанын көрген», — деді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, салымшылар кеңсеге кіргенде полиция шақырылған . Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиядин Күнбасовтың айтуынша, «іздестіру, мәселенің мән-жайын анықтау жұмысы жүріп жатыр, тексеру басталды».

Ұқсас ақпараттар

«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ»: 128 МАМАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

admin_mugalzhar

«АҢСАҒАН СӘБИ» ЕКІ АНАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

Еуропа елдері коронавирустың өршуіне байланысты шекараларды қайтадан жабады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.