«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Отандық фильм саундтректерінің авторы мектеп оқушыларымен кездесті

Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-де талантты жерлес-ақынымыз, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы, «Қанаты жоқ періште» жинағының авторы, отандық «Бір сен үшін» фильмі мен «Мұзбалақ» атты мультфильміне және «Тәуекел» телехикаясына жазылған саундтректерінің авторы Нұрбол Ибраевпен «Сен де бір кірпіш дүниеге…» атты кездесу кеші өтті.

Кешке мектеп директоры Г.Мусина және ұстаздар мен оқушылар қатысты. Мектеп оқушылары кездесу барысында ақын шығармашылығынан үзінді оқып, Н.Ибраевтың сөзіне жазылған еліміздегі белгілі әншілер репертуарына енген «Гүл терейік», «Махаббатым менің» әндерін орындап берді. Жерлес ақынмен емін-жарқын әңгімелескен олар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сұхбаттасты.

Кеш соңында мектеп директоры Г.Мусина кеш қонағына алғысын білдіріп, сыйлық тарту етті.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

«Шаңырақ» бағдарламасымен алғаш ақтөбелік отбасы баспаналы болды

admin_mugalzhar

ЖЕМ КӨШЕЛЕРІНЕ 117 ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.