«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қырғызстан Наурыз мерекесіне жоспарланған шаралардан бас тартты

Қырғызстан билігі Наурыз мерекесіне жоспарланған барлық шарадан бас тартты. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан билігі коронавирустан сақтану үшін осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін ел үкіметі ірі шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарысынан бас тартқан. Елдегі опера және балет театры, Қырғызстан ұлттық филармаониясы да уақытша жабылды.

Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ.

Қытайда тараған Covid-19 вирусын әлемде жұқтырғандар саны 110 мыңға жуықтап қалды. 3800-дей адам қаза болды.

Вирус тараған Қытайда 8 наурызда 41 адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл елде күннен-күнге вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Дегенмен, Қытайда қаңтардың басынан бері 80 мың адам вирус жұқтырып, үш мыңнан астам адам опат болды.

Ал Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар 7400-ге жуықтады. Елу адам қаза болды.

Иранда вирус жұқтырғандар жеті мыңға адамға жетті. 9 наурызда вирустан бақилық болғандар 230-дан асты.

8 наурыздағы дерек бойынша, Италияда қазір 7375 адам дертке шалдығып, 366 адам өмірден өтті. Италия вирус көп тараған солтүстік аймақты, 16 миллиондай халықты, 3 сәуірге дейін карантинге жапты.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ҮЗДІК!

admin_mugalzhar

АУДАНҒА «СЫР ДИДАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны жапты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.