«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пандемияға байланысты Наурыз мейрамын бұқаралық сипатта тойлауға тыйым салынады

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», — делінген хабарламада.

13 наурыздан бастап ел аумағында өткізілуі тиіс барлық бұқаралық-көпшілік іс шараларға шектеу қойылды. Сол сияқты, Наурыз мейрамын бұқаралық сипатта тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Барлық сауда орталықтары тұрақты режимде жұмыс жасайды. Алайда, сауда үйлеріндегі кинотеатрлар жұмысы тоқтатылады. Бұл коронавирустың таралу қаупінің болуына байланысты сақтық шаралары негізінде жасалуда.

«Мұғалжар» тілшісінің хабарлауынша, короновирусқа қатысты сақтық, алдын алу шараларының қай уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов бұған қатысты қосымша шешімдер қабылданғанға дейін сақтық мерзімінің уақытына әзірге шектеу қойылмайтынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

3000 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАЛА БАЛАБАҚШАҒА БАРАДЫ

admin_mugalzhar

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

admin_mugalzhar

Елімізде 11 млн 730 мың азамат тұрғылықты жерінде тіркелген

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.