«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Зиба СҰҢҒАТОВА, кәсіпкер: Бұл карантин өзіміз, ұрпағымыз, халқымыз үшін қажет!

Қайырлы күн, ағайын! Ұлылар айтқан ғой «сәуір болмай, тәуір болмас» деп. Сәуірдің алғашқы жұлдызы сәрсенбі таңымен басталып отыр. Бұл да жақсылықтың нышаны. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген де бар. Сондықтан желілердегі жария болып жатқан хабардың жақсылығын тілейік.

Мына болып жатқан карантиннің ережелерін тиянақты сақтайық! «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген мақалды қолдап, көше кезбей, үйде отырсақ, жұққызу да, жұқтыру да болмас еді. Бұл карантин өзіміз, ұрпағымыз, халқымыз үшін қажет!

Ел-халқымыздың болашағы үшін болған іске болаттай болып, сабырмен ереже сақтап отырмын!!!

СІЗДЕРДЕН де ЖАҚСЫЛАРЫМ, «Сабыр түбі — сары алтын деп, карантин ережесін сақтауларыңызды өтінемін! Жақсы күндерде жүздесуге Аллам нәсіп етсін!

Зиба Сұңғатова, кәсіпкер

Ұқсас ақпараттар

Оқушыны зорлаған ақтөбеліктің ісі сотқа түсті

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ: ЕҢБЕК ӨТІЛІ — 420ЖЫЛ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.