«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚШ Қазақстанға коронавируспен күресуге 800 мың доллар қаржылай көмек берді

АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстанға коронавируспен күресуге 365 млн теңге (800 мың доллар) көлемінде қаржылай көмек берді деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.

«Коронавирус дағдарысы кезінде АҚШ Қазақстан үкіметімен әріптестікті нығайтып жатыр. Қазақстанның вирустың жайылуын тоқтату мақсатында жасаған жылдам әрі сенімді қадамдарын жоғары бағалаймыз. Осындай күрделі кезеңде ашықтықты қолдаймыз, себебі ақпаратпен еркін алмасу індетті жеңіп, алдағы уақытта денсаулыққа төндіретін кез келген қатерге тұрақты түрде қарсы тұру үшін өте маңызды» деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Ұйым Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруды бақылау және алдын алу орталығымен бірлесе отырып, қолдауды қажет ететін басымдық беретін салаларды анықтаған. Олардың қатарында ірі көлемде тест өткізуге мүмкіндік беретін лабораториялар жүйесін дайындау, медициналық мекемелерде инфекцияның таралуына жол бермеу және бақылау, коронавирус жағдайын қадағалауды бақылау, вирус туралы жалған ақпаратпен күресу, вируспен күреске қауымдастықтарды тарту сияқты мәселелер бар.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 423 адамнан коронавирус табылған. Қазақстанда алғаш рет 13 наурызда вирус жұққан адамдар анықталған. Сол уақыттан бері үш адам көз жұмды. 27 адам жазылып шықты. Елде төтенше жағдай жарияланып, бірнеше қала мен облыс, аудан карантин режиміне көшті.

centralasian.org

Ұқсас ақпараттар

ЕКІ МИНИСТРЛІК ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: БАЛАБАҚША АШУ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.