«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды

Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің онлайн сабақ өткізуге мүмкіндігі жетпейтінін мойындады. Осылайша Қазақстанда оқушылар сабақты онлайн емес, қашықтан оқиды.

“Бүкіл елді онлайн-стриминг арқылы қосу мүмкін емес екенін көзіміз жетті. Интернеттегі шешілмеген мәселелер барда онлайн сабақ өткізу тиімсіз. Көп ата-ана интернетке қосыла алмады. Байланыс үзіліп кетті. Қазақстандағы интернет 2,5 миллион баланы онлайн оқытқанға қауқарсыз екенін көрдік. Сондықтан онлайн сабақ өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Онлайн сабақ болмайды, оның орнына басқа механизмдерді пайдаланамыз” деді Аймағамбетов.

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап телеарналар арқылы, “Күнделік”, “Білімленд”, “Дарын онлайн” платформалары арқылы оқи бастайды. Кейбір елдімекендерге оқу құралдарын “Қазпошта” жеткізбек. Бейнесабақтар «Балапан», «Ел арна», «Алматы» телеарналары арқылы көрсетілмек. «Қазақ радиосынан» да сабақтар жүреді.

Қазақстанда коронавирус тарауына байланысты мектеп оқушылары ертерек каникулға шыққан.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды

admin_mugalzhar

ГАЗЕТ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 69,8 млн тонна көмір өндірілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.