«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында карантинге жатқызылған ер адам қашып кеткен

Шымкенттен келген ер адам үйіне барып келу үшін Ақтөбе облысында карантиннен қашып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мұғалжар ауданының тұрғыны карантин режимін бұзды. Шымкенттен келген ер адам орталық аудандық ауруханаға науқастармен байланыста болған адам ретінде жатқызылған. Алайда ол карантин уақытының аяқталуын күтпей, өз бетінше ауруханадан шығып, үйіне кетіп қалған. Ер адам Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша ұсталды, іс сотқа жіберілді», — дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері.  

5 сәуірде төтенше жағдай режимін бұзған 133 дерек тіркелген. Оның ішінде Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша — 122 құқық бұзушылық, 10 адам қамауға алынып, 56 адамғаайыппұл салынған. Сондай-ақ, 8 адамға ескерту жарияланып, 43 іс сотқа жіберілген. 

Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 478-бабы боынша 11 тәртіп бұзушылық анықталған, 7 адамға айыппұл салынып, 4 адам қамауға алынды.

Еске салайық, бүгінде Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелген. 

Ұқсас ақпараттар

Интернет ұрпақты иеленіп барады

admin_mugalzhar

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.