«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚМДБ: Рамазан айында тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды

Коронавирус пандемиясына байланысты рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Бұл ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сілтей отырып, биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

ҚМДБ төрағасы таратқан хабарға қарағанда, «төтенше жағдайға байланысты карантин кезіндегі рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқиды».

ҚМДБ төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекіткен. Діндарлар сұрағына жауап беру үшін call-center ашқан.

Рамазан айы биыл Қазақстанда 24 cәуірде басталады. 30 күнге созылатын рамазан (ораза) айында кешкі ауызашардан кейін мешітке келгендер тарауық намазын бірге оқиды.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 25 139 теңгені құрады

admin_mugalzhar

БАЛАНЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРТПЕЙІК

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.