«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданына іс-сапары барысында ауданның ауылшаруашылық, әлеуметтік- экономикалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы «Тайбурыл-О» ШҚ-ның сүт тауарлы фермасында болды. Осы жылдың мамыр айында іске қосылған фермада күніне бір тонна сүт өндіріледі. Қандағаш қаласындағы сауда орындарына жеткізіледі. Кәсіпкер жобаны өз қаражатымен жүзеге асырды. Сондай-ақ, қожалық жанынан күніне 5 мың дана жұмыртқа өндіруге арналған тауық фермасын ашуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі Ақкемер а.о астық сақтауға арналған «Ақбұлақ-21» кәсіпорынның жұмысымен танысты. Мұнда сыйымдылығы екі тонна болатын 12 қойма орналасқан. Жалпы ауылдық округте егістік аумағы 57 329 га, жайылым аумағы 83 644 га, тыңайған жерлер -3027 га. 65 шаруа қожалық және асыл тұқымды жануарларды өсірумен айналысатын 3 ШҚ бар.

Облыс әкімі Ақкемердегі жолдарға жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын бақылады. Облыс әкімі Қандағаш қаласында жұмыспен қамтудың жол картасы негізінде жүзеге асып жатқан орталық стадион , Қандыағаш №4 орта мектебінің күрделі жөндеулерін, және көп қабатты үй аулаларының абаттандыру жұмыстарын қарады. 1967 жылы салынған стадионның тозығы жеткен болатын.

Аудан жастарының спортпен шұғылдануына мүмкіндік ашатын 500 орындық алаң енді толықтай жаңа келбетке ие болады. Жөндеуі 88 млн тг жүргізіліп жатқан стадион жұмысын жасауға жергілікті 11 азамат тартылған. 1300 орынға арналған мектеп. 1991 жылы бой көтерген. Нысанның есік, терезе, едендері ауыстырылып, қырқүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

Көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 36,6 млн.теңгеге балалардың ойын алаңшалары, тротуарлар, жарық шамдар салынады.

Оңдасын Оразалин «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «КАСПИЙ НЕФТЬ ТМЕ» АҚ, «АРАЛ ПЕТРОЛЕУМ КЭПИТАЛ» ЖШС мұнай өндіру компанияларында болды. Кәсіпорын басшыларымен кездесті.

«Арал Петролеум» мен «Каспий нефть ТМЕ» мұнайғаз өндіретін кəсіпорындарда газ факельде жанып ауаға тарайтын. Бұл экологияның нашарлауына әкеліп соқты. «КазахОйл-Ақтөбе» зауытына газ құбыры салынып сыртқа тарайтын көгілдір отынды халық тұтынатын болады. Бұл ҚР Үкіметінің мұнайгаз өндіретін компаниялары алдына қойған талаптары толықтай орындалды.

«АРАЛ ПЕТРОЛЕУМ КЭПИТАЛ» ЖШС басшысының мәліметінше, Шығыс Жағабұлақ кен орнынан Әлібекмола ГКДҚ-50 дейінгі газ құбырының құрылысы жұмыстары аяқталған. Жыл басынан бері ҚХР-мен пандемияға байланысты көлік қатынасы жабылып, шекарада үш ай бойы газ құбырының негізгі элементі компрессор тұрып қалған.

Қазіргі уақытта компрессор жеткізілді. Енді іске қосу-реттеу сынақтарының соңғы кезеңі жүргізілуде. Мұнай өндіру 2020 жылдың маусымынан басталады деп күтілуде. «КАСПИЙ НЕФТЬ ТМЕ» АҚ 2006 жылдан бері Мұғалжар ауданы аумағында Оңтүстік Әлібек кен орнында көмірсутек шикізатын өндіруді жүргізеді. Жергілікті 89 адам жұмыс жасайды.

Орташа айлық жалақылары 331 400 теңгені құрайды.

Газ құбырын салу бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілген және Оңтүстік Әлібек кен орнынан «ГКДҚ-50 дейін газ құбырын салу аяқталған. «ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ» ЖШС-да 574 адам оның 400 ден астамы вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Орташа айлық жалақылары 460 мың тг жоғары.

Аймақ басшысы Жем, Ембі қалаларында болды. Жем қаласындағы №5 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Күрделі жөндеу жұмыспен қамту жол картасы аясында іске асырылуда. Мұнда 250 бала білім алады. Мектеп жанынан «Шағын орталықта» 36 бала тәрбиеленеді.

Ембі қаласындағы кәріз жүйесінің ағынды суларын тазартатын биологиялық тазарту имаратының құрылысымен танысты. Жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталған. 2019 жылы 10 млн.теңге бөлінді. 2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға құрылыс жұмыстары жалғасуда. Тұрмыстық суларды ағызуға және залалсыздандыруға арналған, жабдықтармен жарақтандырылған жер асты инженерлік жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі жұмыс сапары соңында Жұрын ауылындағы Букенбаев, Желтоқсан, Батпенов көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеумен, Қ. Жұбанов атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы аудан әкімі Асқар Шерияздановқа ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайын одан әрі арттыруды, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып, егін, мал шаруашылығын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

Бизнесмендер қытайлық тауардың бағасын негізсіз көтеріп отыр — министр

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.