«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік педагогтар тестілеу кезінде «шпаргалка» қолданды

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар аттестатация тапсырды. Тестілеуді «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ошақтарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттау процесіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Педагогтар санының көптігін ескере отырып, ғимаратқа кірер алдында дезинфекциялық туннель орнатылмаған, осылайша қолайсыз санитарлық жағдай туындады.

«Тестілеу аудиторияларында антисептикалық құралдар қондырылмаған. Сонымен бірге медициналық пункт және медициналық қызметкер жоқ. Ұялы байланыс өшіргіші жұмыс істемеді. Педагогтардың көпшілігі маскасыз отырды. Сарапшылар үш заңсыздықты анықтады. Біреуі тест кезінде ұялы телефон қолданбақ болды. Ал екі педагог «шпаргалка» пайдаланды. Үшеуі де тестілеу орталығынан шығарылды», — деп хабарлады жобалық кеңсенің баспасөз қызметі.

Барлық кемшілік ҚР тестілеу орталығына жіберілді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қант қоры үш айға жетеді

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

admin_mugalzhar

ОҚЫРМАН ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.