«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТА ЗАҢ — ЕЛ ТІРЕГІ

Еліміздің жарқын істерінің қайнар бастауына айналып, жарқын болашағымыздың тұғырлы кепіліне айналған ата заңымыз — Конституциямыздың қабылданғанына да міне 25 жыл толып отыр. Осындай аз уақыт аралығында еліміз ауқымды да маңызды жұмыстар атқарып, жана дәуірге қадам басты. Атқарылған жұмыстар еліміздің барлық салаларын да қамтыды. Соның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының алатын орны ерекше.

Темір жолда темір тәртіпті қамтамасыз етуде талмай еңбек ететін  Ішкі істер органдарының бір саласы – Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі. Аталмыш құқық қорғау органы қызметкерлерінің басты мақсаты — халықтың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Конституциямыздың 1-бабында көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға, Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың тұрақты, құқықтық қауіпсіз мемлекетте тұруына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізетін органда білікті мамандар қызмет атқаруда. Конституция шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құзырлы мекемеге полиция полковнигі Мұратбек Дәуренбекұлы басшылық етеді.

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымы Конституция күнімен барша қазақстандықтарды құттықтайды. Еліміздің іргесі бүтін болсын. Татулық пен келісімде, табыс пен молшылықта болуыларына тілектеспіз!

Ал, біз өз тарапымыздан еліміздің ертеңі үшін қызмет етуге әрдайым дайынбыз!

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі

Ұқсас ақпараттар

29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar

Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

admin_mugalzhar

Сенбі күні жаңбыр жауғанымен, аптап ыстық қалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.