«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮШ ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН МАМАНДЫҚ

Облыс өңірінде алғаш рет мұнай көзі 1931 жылы анықталып, 1978 жылы Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылған болатын. Сөйтіп, қарт Мұғалжар өңірі мұнайлы өлкеге айналған еді. Міне, осы уақыттан бері қара алтынды игеру ісі өлкемізден көптеген мұнай майталмандарын шығарды. Мұнайшылар қатарын өңірге жақсы танымал, мұнай мұхитының үстінде туып-өскен сағалық ТӨКЕНОВТАР династиясы толықтырады.

Бұл әулет ел экономикасының күретамырына айналған мұнай-газ саласында жемісті еңбек етуде. Жазы аптап ыстық, қысы қытымыр өңірде жеті қат жер қойнауынан мұнайды игеру оңай шаруа емесі анық. Деседе біздің кейіпкерлеріміз бұл кәсіпті нағыз жүрек қалауларымен таңдағандарын алға тартады. Отбасының тірегі Нұғман Төкенов ұзақ уақыт «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мамандандырылған көлік басқармасында қажырлы жұмыс жасады. 2012 жылы зейнеткерлік демалысқа шығып, құрметті мұнайшы атанды. Өмірінің өнегелі шақтарынмұнай саласында еңбек еткенжанның іске асар, кәдегежарар ізгілікті істері де аз емес. Бүгінде оның жолын жалғап, мұнайдан мансабын тапқан ұлдарының барлығы мұнай саласында белді қызметтер атқарыпжүр. Ризық несібесін қара алтыннан тауып отырғанмұнайшылар отбасының үлкен ұлы ТәңірбергенТөкенов Мұнай-газ өндіру басқарма сында оператор, екінші ұлы Ғалымжан Төкенов сол цехтің бастығы, үшінші ұлы Нұрлы Төкенов «Актобеэнергонефть» басқармасында мастер, төртінші Дүйсен Төкенов «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мамандандырылған көлік басқармасында жүргізуші болып жасайды. Әулетте мұнай саласын меңгерген мұнайшылар сабақтастығын бүгінде үшінші ұрпағы жалғастыруда. Зейнеткер-мұнайшы Нұғман атаның немересі Жарас Төкенов те Мұнай-газ өндіру басқармасында 2014 жылдан бері оператор қызметін атқарады. «Актобеэнергонефть» басқармасында басшылық қызметте жасайтын Нұрлы Нұғманұлы кішкене кезінен болашағын ауыліргесін өндіріліп жатқан мұнаймен байланыстырғанын айтады. Бүгінде ол Саға ауылында, қарашаңырақта ата-анасының қолында тұрады. — Әкем Нұғман осы салады елеулі еңбек етті. Ауыл тұрғындарының жартысынан көбі осы салада қызмет етеді. Көзімізді ашқалы көргеніміз бен естігеніміз бұрғылау, мұнай өндіру, мұнай мен газды дайындау жұмыстары туралы болды. Үлкен ағаларыммұнай-ісімамандығын таңдады. Біз де алдыңғы арбаға еріп, осы мұнайшы мамандығын таңдадық. Шүкір, бүгінде осы қара алтынның арқасында өсіпөніп, өркендепжатырмыз. Біздіңтабыстыеңбекетіп, қызметтеөзорнымызды тапқанымыз әкемнің балаларына мұра етіп қалдырған кәсібідепбілемін. Осыкәсіптіңқанға сіңгенін сенімді түрде айта аламын, — дейді Нұрлы Нұғманұлы. Бүгіндежасы 70-тен асқан Нұғман Төкеновтың денсаулығы жақсы. Отасқандарына 53 жыл болған жұбайы Айсұлу апа екеуі бес ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 15 немере сүйген үлгілі отбасы . Бүгінде балаларының қызығын көріп, немерелерінің қуанышына бөленіп, бақытты ғұмыр кешуде.

P.S. Ұрпағына дұрыс бағытбағдар берген әке ұрпағының мәуелі ағашына айналмақ. Ал, бақытын бағалаған отбасы берекебірліктің қайнар көзі болмақ. Біздің мақаламызға арқау болған мұнайшылар отбасы мамандық сабақтастығын ғана емес, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, жанашырлық сияқты қымбат қасиеттерді ұштастыра білген үлкен шаңырақ.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАКӨЛ: ГАЗ БЕРІЛІП, ЖАҢА ЖОСПАРЛАР ЖАСАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатыр

admin_mugalzhar

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.