«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еуропа елдері коронавирустың өршуіне байланысты шекараларды қайтадан жабады

Коронавирус инфекциясының өршуіне және науқастардың санының өсуіне байланысты Еуропалық одақ елдері шекараларын қайтадан жаба бастады. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Еуроодақ елдері наурызда туристер үшін, соның ішінде, ЕО елдеріндегі азаматтар үшін де шекараны жапқан болатын. 

Венгрияда сейсенбіден бастап барлық шетелдік азаматқа кіруге тыйым салынды. Данияда сәуірден бері шетелдік туристердің келуіне шек қойылған. Финляндия елге кіретін адамдарға бақылау жүргізуді қайтадан қолға алды, оның ішінде, Испания мен Франция да бар.  

«Шекараны жабу вируспен күресудегі тиімді жолдардың бірі болуы мүмкін. Бірақ бұған ел арасында еркін жүріп-тұратын одақ елдері алаңдаулы. Ұлттық үкіметтер өздерінің ұлттық мүдделері үшін қайтадан әрекет ете бастады», — делінген телеарна сюжетінде. 

Соңғы уақыттары Еуропа елдерінде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғая бастаған. 

Мысалы Ұлыбританияда 3 қыркүйекте бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандардың саны 1735-ке жеткен, бұл мамыр айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Чехияда 3 қыркүйекте 680 адам, Данияда 179 адам, Түркияда бір жарым мыңнан аса адам анықталған. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 4 қыркүйекте дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 344 473-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны — 869 569. 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУДЫ АРМАНДАЙТЫН ГҮЛНҰР

admin_mugalzhar

201 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.