«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМЖАРҒАНДА ҮЙЛЕРІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

4 қыркүйек күні Құмжарған ауылында 3 жеке тұрғын үй өртке оранған болатын. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі мен салдарын анықтау мақсатында аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының мүшелері Құмжарған ауылында жүр. Осы оқиғаға байланысты Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Өртке оранған 3 үйдің отбасыларына Мұғалжар ауданы әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, өртке оранған үй иесі Мейірхан Жақсылықовқа өзі қызмет ететін «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС-і үй салуға қаржылық жəне материалдық көмек көрсететіндігін жеткізді, ал Құмжарған ауылдық округі əкімдігі тарапынан үй салуға жер учаскесі берілетін болады. Екінші отбасыға Құмжарған ауылында орналасқан «ИнтергазЦентральнаяАзия» ЖШС-нің жалдамалы үйін уақытша пайдалану үшін ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізілуде. Үшінші отбасыға Құмжарған ауылында тұратын көп балалы отбасының үйі берілетін болды. Ал көп балалы отбасыға Қандыағаш қаласынан үй беріледі. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері Наурызбек Сарбасов пен Серік Сағындықов «BizBirgemiz» акциясы аясында зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

Прозвенел первый звонок, приглашая всех на урок

admin_mugalzhar

Үкімет Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірледі

admin_mugalzhar

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.