«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Саламат Аманбаев Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында басқарма басшысы аудан əкімдігінде мұғалжарлықтармен кездесіп, электронды еңбек биржасына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-«Электронды еңбек биржасы» – бұл жұмысқа орналасуда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бірігетін цифрлы алаң. Электронды биржа тегін, әрі тәулік бойы қолжетімді болып табылады. Оның мәліметтер базасы жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа тұру бойынша онлайн-топтардағы ақпараттардың есебінен құрылады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де ресурсқа ақпарат жариялап, оны үнемі тексере алады, — дейді басқарма басшысы Саламат Ермұқанұлы.
Жұмыс сапары аясында С.Аманбаев Қандыағаш пайдалану вагон депосының жəне «Силикат-А» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті.

Ұқсас ақпараттар

«S Sistem» Түрік компаниясы: көлік-логистика орталығы құрылысын инвестициялайды

admin_mugalzhar

64 млрд KZT уплатили актюбинские участники «ДКБ-2020» за 10 лет

admin_mugalzhar

5 млрд тенге выделили на борьбу с COVID-19 в Актюбинской области

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.