«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚЫРМАН ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ГАЗЕТ

Біздер, қазіргі қарттар, екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында өмірге келген ұрпақпыз. Балалық шағымыз сол соғыстың зардаптарын, жетімжесірлікті, жаппай жұтаң тұрмысты көріп өстік. Осыны бүгінгіжас ұрпақ біле бермейді ме деп ойлаймын. Иә, бұл — сол жылдардан ұлаңғайыр ізі қалған тарих. Бұл — қатыгез тағдырдың ізі. Сол уақыттарда біздің алға қол созып, келешекке ұмтылып, «тезірек ер жетіп, өмірге тез аралассақ екен» деген арманымыз көп еді. Біз кісілікті тезірек сезінуге ұмтылдық. Айналамызға зер салып, қоғамдағы болып жатқан тіршілікке араласа жүріп есейдік. Әрине, бұның бәрі өткен шақ, бірақ тарихы мен тағылымы мол ғұмыр. Сол ғұмырлы межеге бүгіндері, барша аудан жұртшылығының жаршысы болған аудандық «Мұғалжар» газеті де жетіпті. Бәрекелді! Айта берсе, бұлшамалы ғана жетпесі бар бір ғасыр немесе бір ұрпақтың жасы емес пе?! Осы тарихи аралықта кезеңкезеңмен жаппай коллективизация, индустриялизация, Ұлы Отан соғысы, одан кейін шаруашылықты қалпына келтіру жылдары, тың игеру секілді үлкен саяси-әлеуметтік оқиғаларға толы жылдар өтті. Міне, осылардың бәрінің ортасында аудандық газет өзіндік саяси ұстанымымен халыққа танымал болып, абыройлы қызмет атқарды. Жұртшылық сүйіп оқитын ақпарат құралына айналды. Қазіргі газет 1930 жылы бұрынғы Жұрын ауданының өңірінде «Кедей» атауымен танымал болса, біздер ес біле бастаған, 1945- 1966 жылдары «Сталиндік дәуір»- «Сталинская эпоха»деген атаумен шығып тұрды. Әр кезеңде аудандық газеттің атауы «Знамя Октября»-«Октябрь туы», «Қандыағаш» болып қоғамдық өмірге сай өзгеріп, қазір «Мұғалжар» деген атпен жарық көреді. Бүгінде аудандық газет ел ішінде сұранысы мол кемелденген шағында. Себебі газеттің саяси-әлеуметтік мазмұндылығы, мақалалардың әр-алуан көптігі, орналасу тәртібі басқа аудандық газеттерден көш ілгері. Кейбір адамдардың аудандық газетке аса мән бермейтіні бар. Бұндай адам күнделікті болып жатқан күрделі саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабарсыз, тек өзінің ғана тіршілігімен жүрген жан дер едім. Олар аудандық газеттің тыныс-тіршілігінен бейхабар. Мен өз басым «Мұғалжар» газетін қадірлеймін, оның әрбір санын асыға күтемін. Себебі газеттен ауданның таныстіршілігін, әр саладағы болып жатқан жаңалықтарды оқып, жағдайлардан хабардар болып отырамын. Бүкіл еңбек жолым мемлекеттік қызметте өтті. Оның ішінде Кеңес үкіметі кезінде және қазіргі әкімшілік құрылымда, ауданның саяси жүйелерінде де көп жылдар бойы газетке жаңашыр болып, біте қайнасқандықтан, газеттің жақсы болғаны көңіліме қонады. Әр газет тарихын кішкене ғана бір бет десек, «Мұғалжардың» қызметі де бір төбе дер едім. Келешекте де басылымның беттерінде әр-алуан мәселелер көтеріліп, олар шешімін тауып, халыққа қызметтері жоғарылай беруін тілеймін. «Мұғалжар» газетінің журналистері әлде де әр түрлі айдарлар ашып, қызықты тақырыптарды қозғайды деп сенемін. Газетіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында аудандық «Мұғалжар» газетіне тұрақтылық, редакция ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Редакцияның әр қызметкеріне зор денсаулық тілей отырып, отбасылары мерекелі-берекелі болсын деймін. «Мұғалжар»биіктен көріне берсін!

Аманкелді ШУНИМОВ, мемлекеттік қызметтің ардагері, Мұғалжар ауданының құрметті азаматы

Ұқсас ақпараттар

Елде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

admin_mugalzhar

Тоқаев Жамбыл облысының бірнеше шенеунігін қызметінен босатуды тапсырды

admin_mugalzhar

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.