«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токаев: Ашық әрі әділ сайлау өткізуге ниеттіміз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихатта өтетін алдағы сайлау туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанда кезекті электоралды процесс басталды. 2021 жылдың 10 қаңтарына Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті органдардың депутаттарын сайлау белгіленді. Сайлау конституциялық мерзімде өтеді. 

Биыл біз теңдессіз демократиялық реформаларды іске асырдық. Ол реформалар көппартиялықты және саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. (…) Біз ашық әрі әділ сайлау өткізуге ниеттіміз. Әріптестеріміздің қолдауына үміттенеміз.(…) «, — деді Тоқаев онлайн режимде өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінде.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Ұқсас ақпараттар

МАШИНИСТАМ ПОСВЯЩАЕТСЯ…

admin_mugalzhar

Қытай 8 күнде салынған аурухананы пайдалануға бергелі жатыр

admin_mugalzhar

ҰБТ: ӨЗГЕРІС және МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.