«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҢСАҒАН СӘБИ» ЕКІ АНАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАДЫ

Өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квота санын 7 есеге көбейту қажеттігін айтып, «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған еді. Бүгінде аудан аумағында аталған бағдарламаның шарапатын көрген 2 ана сәбилі болып, ана болу махаббатын сезінді.

Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша 2021 жылы табиғи жолмен бала көтеруге қауқарсыз 35 әйел экстракорпоральды ұрықтандыру әдісіне жүгіну үшін есепке алынған. Олардың барлығы дерлік толыққанды медициналық тексеруден өткізілген. Алайда кейбір әйелдердің денсаулығы жасанды ұрықтандыруға жарамсыз болып шыққан.

— 2021 жылы Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша 8 әйелге жасанды ұрықтандыру әдісі жасалады деп жоспарланған болатын. Бүгінде бір әйел осы әдіс бойынша босанды. Баланың да, ананың да денсаулығы өте жақсы. Ал біреуі жүктілік кезеңінде жүр. Бір әйел түсік тастады. Қалған бес әйел жасанды ұрықтандыру кезеңінде. Жақын арада жасалады деп күтіп отырмыз. Сондай-ақ денсаулығы жарамды тағы да бес әйел Ақтөбе қаласындағы экстракорпоральды ұрықтандыру орталығында тексеруден өтіп жатыр, — деді бас дәрігердің орынбасары Айбек Сүгіров.

Ал Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұқарбаев Ембі аумағында табиғи жолмен бала көтере алмайтын 30 әйелдің есепте тұрғанын айтты. Осы жылы екі келіншек Ақтөбе қаласындағы ЭКО орталыққа барып, жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінген. Алайда екеуі де сәтсіз болған.

— 2020 жылы Ембі аудандық ауруханасы бойынша бір әйел ЭКО жасатты. Барлығы сәтті болып, шекесі торсықтай егіз бала босанды. Бұл біз үшін де үлкен қуаныш болды. Бүгінгі таңда 2 әйел осы мақсатта медициналық тексерістен өтіп, дайындалып жүр, — деді бас дәрігер Ерлан Бұқарбаев.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМҒА ЕРЕКШЕ АТСАЛЫСУДА

admin_mugalzhar

Әкім: Ақтөбе облысына 558 млрд теңге инвестиция тартылды

admin_mugalzhar

Ұлттық санақ: ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.