«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН АУМАҒЫНДА 4 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Осы жылы аудан аумағынан 1080 балаға арналған 4 мемлекеттік жаңа мектеп салынады. Бұл туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мамандары хабарлады. Жаңа білім ордаларының салынуы оқушылардың сапалы әрі толыққанды білім алуына септігін тигізері сөзсіз.

Бүгінде жаңадан салынып жатқан мектептердің бірі — Қандыағаш қаласы «Самал» мөлтек ауданынан бой көтеретін 600 орындық білім ошағы. «ARS BUILDING» ЖШС-і жүргізетін құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Мектеп салынатын жер учаскесінің жалпы ауданы 2,75 гектар жерді құрайды. 2,3 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 10 301,62 шаршы метр. Құрылысқа жауапты мердігер мекемеге құрылысты толықтай аяқтау үшін 18 ай мерзім берілген. Нысанды толық пайдалануға тапсыру 2022 жылға жоспарланған.

Ембі қаласынан салынатын 320 орындық орта мектептің құрылысына бюджеттен 99,5 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмысын «Рус Тал» ЖШС-і жүргізеді. Ғимараттың жалпы ауданы 5772,40 шаршы метр болса, пайдалы ауданы 4925,23 шаршы метр болмақ. Аталған мектеп 2022 пайдалануға беріледі.

Бүгінде апатты мектепте оқып жатқан Талдысай ауылының оқушылары үшін 100 орындық мектеп салуға бюджеттен 452,6 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары осы жылы басталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жауапты.

— Ауданда салынғалы отыр-ған мектептің бірі – 60 орындық Алтынды орта мектебі. Ауыл балалары бүгінде ауылдық амбулаторияның жанындағы тозығы жеткен ескі ғимаратта оқып келеді. Мектеп құрылысын жүргізу үшін «Ер-Канат Сервис» ЖШС-мен 294,5 млн теңгеге келісім-шарт жасалды. Бір қабаттан тұратын мектеп ғимаратының жалпы ауданы — 1030,16 шаршы метр. Сонымен бірге мектеп жанынан қосымша жылу қазандығы салынады. Оның жалпы көлемі 25,2 шаршы метрді құрайды, — деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анес Сейілхан.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖОЛАУШЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Сборная Казахстана прибыла в Литву на матч Лиги наций

admin_mugalzhar

Пандемиямен күресіп жатқандарды қолдау мақсатында Димаш жаңа клип түсірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.