«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕГЕМЕН ЕЛМЕН ЕСЕЙГЕН ҰСТАЗДАР

БҮГІНГІ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІМІЗДІҢ КЕЗЕКТІ КЕЙІПКЕРЛЕРІ – ЕЛІМІЗ ЕГЕМЕНДІК АЛҒАН ЖЫЛДАРЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫН БАСТАҒАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР. МАМАНДЫҚТАРЫН ӨМІР ЖОЛДАРЫНА АЙНАЛДЫРЫП, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМДІ ҰРПАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУГЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР ЕКЕН…

Майра ҚАДЫРОВА, Мұғалжар ауылы:

— 1991 жылы Мұғалжар ауылындағы орта мектепке жұмысқа орналастым. Содан бері міне, бір жерде еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келемін. Қазіргі таңда оқу ісінің орынбасары және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімімін. Мен үшін нағыз ұстаз болу — бақыт әрі абыройлы қызмет. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы — қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Жұмысқа тұрған жылдары сынып жетекшісі болдым. Оқушылармен өткізген әрбір сәтім мен үшін бақытқа толы болды. Шәкірттерім қазіргі таңда әрқайсысы бір-бір мамандық иесі болып отыр. Осының өзі ұстаз үшін үлкен жетістік!

Ұқсас ақпараттар

САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН ИДЕОЛОГИЯҒА АРНАҒАН ЖАН

admin_mugalzhar

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҢҒЫШ ТҮЛЕКТЕРІ

admin_mugalzhar

ЧТИМ СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.