«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЗДІҢ СПОРТШЫЛАР ЖАРАДЫ!

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖӘНЕ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI СПАРТАКИАДАСЫНА ҚАТЫСҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ.

Аталған жарысқа ауданнан жалпы саны 7 параспортшы қатысты. Бәйгелі бәсекеде өнер көрсеткен Гүлім Құрманбаева пара пауэрлифтингтен жүлделі І орынды, Жанат Тәжікенова ІІ орынды жеңіп алды. Пара үстел теннисінен қатысқан Айдын Алдабергенов те І орынға қол жеткізді. Пара суға жүзуден жарысқа түскен Абай Сағынов 50 метрге, 100 метрге, шалқалай жүзуден және өзін лақтырып жүзуден сынға түсіп, қарсыластарының арасында басымдық көрсетіп, ІІІ орынды қанжығасына байлады. Ал шахматтан өнер көрсеткен Тельман Өтепқалиев ІІІ орыннан көрінді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Қысқы төтенше жағдайға дайындық

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.