«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2021». Байқау жеңімпазы 6 млн теңге сыйақы алады

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2021» республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады. Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.

Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру болып табылады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар БҒМ universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде жоо комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар енгізілді, – деп хабарлады БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде кәріздік тазарту қондырғысы құрылысын салу жобасы жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

КЕШЕ – ТОЛҚЫНЫ ТАСЫҒАН БҮГІН — СУЫ ТАРТЫЛҒАН ЖЕМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.