«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТҰМАУ ДЕНДЕП БАРАДЫ

Күз келіп, күн суытқалы балалар арасында тұмау дерті дендеп барады. Мұғалжар аудандық ауруханасы мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде аурухананың балалар бөлімінде 40-қа жуық бүлдіршін салқын тигізіп,ем қабылдауда.

Ауруханаға түскендердің көбісі 1-3 жас аралығындағы балалар. Олардың дені жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, көмекке дәрігерге жүгінген. Балаларға жаппай бронхопневмония диагнозы қойылған. Бүгінде басқа бөлімдерден қосымша керуеттер алынып, төсек орындар жасақталуда. Дәрігерлер балаларды салқын тигізуден қорғау керектігін айтып, дабыл қағуда.

Бүгінгі таңда жаппай тұмау індеті жүріп жатыр. Бір күннің ішінде 50-ден астам бала емханаға келіп, амбулаториялық көмекке жүгінді. 7 бала науқастанып, ауруханаға түсті. 14 бала ем қабылдап, жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Ата-аналарға балаларын адамдар көп шоғырланатын жерлерге апармау, салқын күндері далаға көп шығармау керектігін ескертемін. Ауруханаға түскен балалардың барлығы салқын тигізген. Олардан ПТР тест алынып, олардың барлығы дерлік теріс көрсеткіш көрсетті. Тек біреуінде  ғана «оң» нәтиже болды. Бүгінде ол кешенді ем қабылдауда, — деді  Мұғалжар аудандық бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров.

 

Ұқсас ақпараттар

«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау

admin_mugalzhar

Түтінсіз темекіге тәуелділер саны артып барады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.