«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮЙІРМЕГЕ ҮЙІР БОЛ!

Ембі қаласында облыс әкімі О.Оразалиннің тапсырмасына сәйкес «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өтті. Оған облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдос Кульжанов, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссиясының мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мекемелер мен кәсіпорын басшылары және ерікті жастар қатысты.
Форумның негізгі мақсаты жастар арасында құқық бұзушылық фактілерін алдын алу, қоғамды осы жұмыстарға тарту.

Форумға қатысушылар алдымен Ембі қаласында жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына арналған жұмыстарын қарады.
Бірінші кезекте Ембі қалалық N7-ші мектеп — интернатының жағдайымен, былтыр жөндеуден өткен 600 оқушыға қосымша білім беріп, түрлі үйірмелермен қамтып отырған N2-ші Аула клубының, 1200 оқушыға қызмет көрсетіп отырған аудандық шығармашылық орталығының және «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында салынған жаңа спорт кешенінің жұмыстарымен танысып, форумның 2-ші бөлігі арнайы бағдарламаға сәйкес Ембі қалалық әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубынан кетті

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қандай көлік маркаларын жиі сатып алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.