«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жел, көктайғақ, боран: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Қазақстан бойынша 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады.

“23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі” делінген ауа райы болжамында.

Қазгидромет хабарлауынша оңтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталады.

“Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10°-нан 18-23° аязға дейін, күндіз 5 аяздан 5-15° аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз°, күндіз 3° аяз–3° жылы, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6°аяз–3°жылы, күндіз 9-17° жылы болады”, – дейді синоптиктер.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗЫЛША БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

admin_mugalzhar

Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

admin_mugalzhar

ЖОЛ КАРТАСЫ: АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.