«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Елдіктің жеті тұғыры» — Елбасының жас ұрпаққа үндеуі

Бақыт УТЕШОВА, №1 Қандыағаш қалалық ЖББМ-нің директоры, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты:

— Жеті саны — біздің халықта киелі сан. Ата-бабаларымыз жеті санын заңымызға, салт-дәстүрімізге арқау еткен. Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатында жеті санына тоқталуы терең мәнді аңғартады. «Жеті тұғыр» — бірімен-бірі байланысты болашаққа бағыт. Оның әрқайсысының атқарар миссиясы, жүгі бар. Елбасының үндеуіндегі бірінші тұғыр — Тәуелсіздік құндылығы. Тәуелсіздік — елдіктің мұраты. Ата-бабаларымыздың арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзгелермен терезесі тең ел болғанымызға да — 30 жыл. Осы жылдар ішінде тәуелсіздікті баянды ету жолында талай істер атқарылды. Ендеше, 30 жылдық белес — тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болмақ. Сонымен қатар «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатында Елбасы «жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті білім алуы мен жасампаз еңбегі — бақуатты өмірдің кепілі» екендігіне тоқталады. Білімді болу мен еңбек ету — жарқын өмірдің кілті болмақ. Міне, Елбасы үндеуіндегі маңызды осы ойды жастарға ұғындыруымыз қажет.

Қағидатта көтерілген тағы бір мәселе – отбасы мәселесі. Қазақ халқы отбасылық тәрбиеге аса мән берген. Отбасыбереке, бірліктің қайнар көзі. Қазіргі таңда қоғамдағы отбасы рөлін арттыру — жастарға дұрыс тәрбие берудің жолы. Елбасы отбасы тұтастығы – еліміздің тұтастығы екенін айқын айтады. Сөзімді қорытындылай келе айтарым, бірлік пен келісім, кең байтақ жеріміз, отбасылық тәрбие мен салт-дәстүр, білім мен еңбек — жаңа дәуірдегі Қазақстанның жарқын кепілі, тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болмақ.

Ұқсас ақпараттар

ҚМДБ: Рамазан айында тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды

admin_mugalzhar

Шымкентте ондаған адам банк бөлімшелеріне жиналды

admin_mugalzhar

Желіде жасырын пікір қалдыруға тыйым салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.