«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әуежайларда жеке куәлікті енді смартфон арқылы көрсетуге болады

Енді Қазақстанның барлық әуежайында eGov Mobile цифрлық құжаттар сервисі енгізілді. Ішкі әуе рейстерді пайдаланатын жолаушылар жеке деректерді растау үшін мобильді қосымша арқылы цифрлық жеке куәлікті көрсете алады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті көрсету үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушыға «цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.

Әуежайдағы тіркеу аймағында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-кодты смартфон экраны арқылы көрсету қажет.

Ішкі рейстерде сандық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі министрліктердің, авиациялық әкімшіліктің, әуе компаниялар мен әуежайлардың жүйелерін біріктіру арқылы пайда болды.

Ұқсас ақпараттар

«АҢСАҒАН СӘБИ»: 6 АНАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

Әкімдер сайлауының алдындағы үгіт 14 шілдеде басталады

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ КӨБЕЛЕЙ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.