«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ — САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ «ЖАСТЫҚ» МӨЛТЕК АУДАНЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ МЕН ЖАБЫҚ ЖҮЗУ БАССЕЙНІ ОСЫ ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК. БҮГІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Жалпы құны 403 млн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын «Ерзат» ӨК мекемесі жүргізуде. Кешеннің жалпы көлемі 2976,2 шаршы метр. Ал бассейннің көлемі 195,9 шаршы метр, тереңдігі 2 метрге дейін болады. Қасына жапсарлас киіну және қосалқы бөлмелері салынуда. Сондай-ақ аумағы 36х18 метр әмбебап спорт залы, іргелес киіну, көмекші және қызмет көрсету бөлмелері болады. Бүгінгі таңда спорттықсауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, темір қабырғалары тұрғызылып, сырланып жатыр. Бассейн орны толық қазылып, қабырғаларына бетон құйылатын қалыптар тұрғызылған. Құрылыс алаңының бас инженері Қанапия Нұрмұхамбетов осы апта 1500 шаршы метр сыртқы жабынды «сэндвич панель» келетінін айтады.

— Осы апта қабырғаларды түгелдей жабуды бастаймыз. Спорттық-сауықтыру кешенінде бассейнмен қатар түрлі спорттық секцияларға арналған және жуынатын бөлмелердің де құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Егерде қаржы уақытылы бөлінсе, біз жоспарға сай құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін толық аяқтап береміз, — деді ол. Құрылыс алаңында 20-дан астам құрылысшы жұмыс жасауда. Оның 10-ы жергілікті тұрғындар. Құрылыс бригадирі қалған мамандардың барлығы өз ісінің шеберлері екенін жеткізді.

— Жұмысшылардың жалақысын уақытылы беріп отырмыз. Бүгінгі таңда қымбатшылық та қысып барады. Өткен жылы сметалық құжаттарда есептелген құрылыс материалдары бүгінде екі есеге қымбаттады. Біздің бригада осыған дейін Ойыл ауданында дәл осындай спорттық кешенді 8 ай ішінде салып бітірді. Жұмысшыларымыздың құрылыс саласында біршама тәжірибелері бар — дейді құрылыс бригадирі Абай Қартбаев.

Аудандық спорт бөлімінің басшысы Талғар Әбдірзақ облыстық спорт басқармасынақарастыспорт кешеніпайдалануға берілгеннен кейін ауданның 18 жасқа толмаған балалары мен жасөспірімдері түрлі спорт түрлерімен тегін шұғылданатынын айтты.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Түркімен билігі шетелдегі еңбек мигранттарының елге қайтуын талап етіп жатыр

admin_mugalzhar

ПРИВЛЕЧЕНО К ОТВЕТСТВЕННОСТИ 143 ЧЕЛОВЕКА

admin_mugalzhar

Қысқы Олимпиадаға алғаш қатысатын ел

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.