«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда вакцинация төлқұжаты өзгерді

Қазақстанда вакцинацияның электронды паспорттарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СOVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

«Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеген кезде пациентті вакцинациялау туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады», — делінген ВАК хабарламасында.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны қолданушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

«EGov mobile мобильдік қосымшасының» цифрлық құжаттар «сервисінде орналастырылған вакцинациялаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкерінің медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен қағазға басып шығарған анықтамасын ұсынуға болады», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕЛЕР АРҚЫЛЫ 473 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ІІ ОРЫН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.