«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ТУҒАН ӨЛКЕМ — МАҚТАНЫШЫМ!»

Туған жерімен мақтанбайтын, жерлестерін жақын тартпайтын, ауылына бүйрегі бұрмайтын жан жоқ болар, сірә! Шет ел асып, жырақта жүрсек те, көрші қалаға қоныс аударсақ та, тіпті, жұмыс барысымен іссапарға аттансақ та, кіндік қанымыз тамып, балалық бал дәуреніміз өткен жерге деген сағыныш та ерекше, жүректегі орны да бөлек. Әрбір жанның өз туған жері туралы айтары да бар екені анық. Ендеше, оқырман, газетіміздің инста парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қолға алынған жаңа жобаға қатысыңыз!

ЖОБА ШАРТЫ:
«Туған өлкем — мақтанышым» атты жобаға осы жерде тұратын немесе осы жерде туған, бірақ бүгінде жырақта жүрген 16 жастан жоғары мұғалжарлықтар қатыса алады.
Жоба қатысушысы өзінің туған жері — қала мен ауылының тарихи орындары, аңыз-әңгімеге азық болған жерлері, ертеден жеткен ескерткіштері, мақтаныш етер оқиғалары, үлгіге айналған тұрғындары және т.б. туралы әркім өз қалауы бойынша еркін форматта бейнероликтер түсіріп, эссе немесе мақала жазып, фотосуретті сөйлетіп, жыр жолдарын шығарып, сырлы бояумен салынған туындыларын жіберіп, ауылын таныстыруы қажет.
Бейнероликтер мен материалдарды редакцияға «Мұғалжар» газеті» телеграм каналына тіркеліп, жібере аласыздар. Телеграм каналына газеттің «mugalzhar_gazeti» инста парақшасының шапкісінде берілген сілтеме арқылы кіре аласыз.
Жобаға қатысушылардың туындылары редакция алқасының шешімімен іріктеліп, газетте жарияланып, сайтқа салынып, басылымның әлеуметтік желідегі парақшаларына және ютуб каналына жүктеледі.

Уақыты:
13 шілде мен 13 қыркүйек аралығы.
Қорытынды:
Жоба қорытындысы 22 қыркүйекте жарық көретін газет нөмірінде жарияланып, ерекше туындылар түрлі аталымдар бойынша марапатталады.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА 74 МЛН-НАН АСТАМ ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛША: 3065 БАЛА ЕКПЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.