«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алғыс айту күні қарсаңында мұғалжарлық волонтерлар марапатталды

Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың жанынан құрылған «Демеу» тобының волонтерлары марапатталды, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі.⠀

Алғыс айту мерекесі қарсаңында қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген «Демеу» волонтерлық клубының волонтерларын орталық мамандары Алғыс хатпен марапаттады. Бұл шараға волонтерлардың ата-аналары да қатысты.⠀

Орталық маманы Жандос Айтжанов волонтерлар жылы аясында көптеген игі жұмыстардың жүргізілетіндігін тілге тиек етіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Пікір қалдыру

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.