Елімізде алдағы 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа бару үшін құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz/newdemo.
«1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Мектепке алты жасқа толған және осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады. Мектепке алдымен аймақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, содан кейін ғана қызмет көрсету аумағынан тыс басқа аймақтан бір үміткер қабылданатынын айта кеткен жөн», — деді ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Министр орынбасарының мәлімдеуінше, білім беру ұйымдарының міндетті тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
«Ата-аналар электрондық форматта өтініш, баланың туу туралы куәлігі мен медициналық паспортын, 2 фотосурет тапсырады. Болжам бойынша 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны шамамен 340 мың баланы құрайды», — дейді ол.
Бұған дейін Каринова IV тоқсанда мектеп оқушыларына қандай карантиндік талаптардың қойылатыны туралы айтып берген болатын.